Smaller Default Larger

Кәсіпкерлікті дамыту - қолда бар мүмкіндікті кеңейтеді

 

МақсатРысбекұлы, жастар – қо­ғамның ең белсенді мүшесі.

Нәпақа­сын кәсіпкерліктен тауып жүрген жаста­рымыздың аяқ алысы қандай? 

– Бүгінгіжаскәсіпкерлерөтебас­тамашыл. Олардыңқолғаалғанісінентыңидеялардыкөріп, қуанамыз. Өз­гелерментәжірибеалмасып, кәсібіноданәріжалғастырудаүнемібелсенді­ліктанытады.

Мемлекет экономиканы тұрақтан­дырудың негізгі бағыты – кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасынан бөлек, басқа да сала­лық бағдарламалар бойынша мемле­кет­­тік қолдаулар жүзеге асуда.

Ел Президенті биылғы Жолдауын­да кәсіпкерлікті, яғни ұлттық экономика­ның жетекші күшін жан-жақты қол­дау әрі шағын және орта бизнестің эко­номикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге арттыруды міндет ет­ті. Отандық кәсіпкерлерді қолдау тетікте­рін жетілдіру үшін қажетті барлық шара­ны қабылдау керектігін де алға тартты. Демек, жалпы кәсіпкерлік саласындағы бастамаларды ынталандырудың жаңа жүйесі жасалатыны анық. 

Сондықтан шағын және орта биз­несті дамытуда, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жас кәсіпкерлердің мүмкіндігі мол десек, қателеспейміз. Ел экономикасының қарыштап дамып келе жатқанын ескерсек, өркендеу мен еңбек өнімділігін арттыруда жастар кәсіпкерлігін, оның ішінде инновациялық бағытты дамыту айрықша мәнге ие. Өйткені ортақ мүдде жолында барлық тарап бірігіп қимылдаса, қолда бар мүмкіндікті одан әрі кеңейтуге жол ашылады деп ойлаймын. 

– Қауымдастық «Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жастар кәсіпкерлігін дамыту» стратегиясын әзірлепті. Құжаттың қоғамдағы орны мен өзектілігі неде?

– Ең алдымен, стратегия жастар ара­сында кәсіпкерлікті насихаттауды және осы кәсіппен айналысуға ынталанды­руды көздейді. Кәсіпкерлік саласын­дағы бағдарламалар мен заңнамаларды жас­тар кәсіпкерлігін дамытуға қарай бейім­деу, жастар кәсіпкерлігін дамыту және оған қолайлы жағдайлар жасау – қазіргі өзекті мәселелер. Сондай-ақ жастар кәсіпкерлігі саласындағы күрмеуі қиын мәселелерді анықтап, оларды шешу, оның даму бағыттарын айқындау күн тәртібінде тұр. 

Бұл стратегия еліміздің Үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен Елбасының «Қазақ­стан – 2050» Жолдауындағы және «Қа­зақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын­да атап көрсетілген міндеттемелерге сәй­кес келеді. 

– Елімізде жастар кәсіпкерлігін да­мытуға жаңа бетбұрыс басталған сыңай­лы. Енді осы саланы дамытудың жол­да­ры жөнінде не айтар едіңіз?

– Негізінде, кәсіпкерлік – экономика­ны қарқындатудың басты көзі. Ол бар жерде жаңа жұмыс орындары ашылып, елдің әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы түзеледі. Әйтсе де, бұған дейін жас­тарды осы салаға баулуға, тәрбиелеуге, тартуға деген жүйелі талпыныс болған емес. Жастар тек халықтың әлеуметтік-демографиялық ерекше тобы ретінде ға­на қаралды.

Бүгінде заман ағымы өзгерді. Елі­міз жүйелі қалыптасу кезеңінен өтіп, да­мудың жаңа сатысына аяқ басты. Сондықтан біздің алдымызда әлеумет­тік-экономикалық сапалы дамуды же­делдету, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 ел­дің қатарына қосылу, инновациялық әлеует­ті дамыту міндеті тұр. 

Жалпы, жастар кәсіпкерлігін мем­лекеттік қолдаудың әртүрлі аспекті­лері бірнеше нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жас­тар саясаты туралы» заңында жас­тар саясатындағы негізгі міндеттер мен қағидаттар тізбектелген. Алайда мұнда кәсіпкерлік тақырыбы мүл­дем қозғалмайды. Сол кездің өзінде жас­тарды кәсіпкерлік қызметке тарту – бас­ты бағыттардың бірі ретінде айтылса да, мәселенің мәнісі терең қарасты­рылмаған. Осы орайда, алдымен заң­наманы жетілдіру керек. Себебі жас­тар кәсіпкерлігінің бүгінгі хал-ахуалын сөз қылғанда, әлі де шешімін таппаған мәселелер ойға оралады. Атап айт­сам, жастар кәсіпкерлігін инфрақұрылым­дық және ақпараттық тұрғыдан қамта­масыз ету, қаржылай жәрдемдесу, салаға қатысты заңнамалық базаны жетілдіру сынды мәселелер күн тәртібінде тұр. – Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қанша жас бар?

– Кәсіпкерлік саласында жүрген жастардың нақты саны белгісіз және оған санақ жүргізілген емес. Статистика­лық деректерге сүйенсек, Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар 4,5 миллион адам және ол халықтың 27 пайызын құрайды екен. Ал 18-35 жастағы жастардың саны 5,2 миллионға дейін жетеді. Осы ретте жалпы статистика бойынша жастардың шамамен 20 пайы­зы өз бизнесін бастауға қабілетті екенді­гін ескерсек, бұл дегеніңіз үлкен әлеует. 

Ал Статистика агенттігінің деректе­рі бойынша 2012 жылғы 1 маусымдағы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны осы күнге дейін 1 495 976 бірлікті құрады, оның ішінде белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны – 839 345. 

– Кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс істейтін елімізде институттар жеткілікті. Олардың жас кәсіпкерлерді қолдауы қандай деңгейде?

– Бүгінде кәсіпкерлікті қолдаудың бүтін бір институттары құрылған. Мә­селен, Қазақстанның даму банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Аграрлық несиелік корпорация және тағы басқа да қорлар мен компаниялар жұмыс істейді. Айта кететін бір жайт, бюджет­тік бағдарламалардың операторлары бо­лып табылатын ірі компаниялар жас­тар кәсіпкерлігін дамытуға аса көңіл ауда­ра бермейді. Өйткені олар негізгі күшті ірі инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға жұмсайды. 

Жалпы, бізде бизнес орташа деңгей­де деп бағаланады. Шетелмен са­лыстырсақ, орта және шағын бизнес­тің өндірістік бағыттарда дамуында айтарлықтай өсім жоқ, сала өнімдері­нің бәсекеге қабілеттілігі мен инвестиция­лық тартымдылығы да төмен. Сондық­тан жоғарыда айтылған барлық мәселе­лерді саралай келе, жастар кәсіпкер­лігін дамытуды қайта қарастырған жөн. Яғни қоғам талабына сай бейім­делуін қамтамасыз ету керек. 

– Өз бизнесін бастағысы келетін кей­бір кәсіпкерлер көп жағдайда әкімшілік кедергілердің аз еместігін жасырмай­ды. Сіздің ойыңызша, бұдан басқа қан­дай қиындықтар бар?

– Жалпы, жастар кәсіпкерлігінің қызметін реттейтін нормативтік құ­қық­тық база жетілдіруді, әкімшілік тосқауылдарды азайтуды, бизнеске салық жүктемелерін төмендетуді, ком­панияларды ашу рәсімдерін жеңіл­дету­ді, қаржылық және қаржылық емес шаралар түрінде бизнесті кешенді қол­дауды жүзеге асыруды қажет ететінді­гін атап өтер едім. 

Дамыған елдерде жастарды кәсіп­керлікке баулу әу бастан дұрыс жолға қойылған. Халықаралық тәжірибеден үйренетін үрдістер көп. Өзіміздің қол­даныстағы тәжірибеден бөлек, осы са­ланы басым бағыт ретінде ұстанған шет мемлекеттердің жастармен жұ­мыс істеу жөніндегі өзіндік әдіс-тәсілде­­рін бізге де енгізіп көруге болады. Мәсе­­лен, ондай елдерде алдымен бизнес үдері­сін­де жас азаматтардың құқығын қорғау­ды көздейді. Олардың кәсіби дамуы­на көмектесіп, жастар жобасына қолдау танытады және оларға мол мүмкіндік­тер туғызу сынды мәселелерге алды­мен көңіл бөлінеді. Сонымен қатар әртүр­лі инновациялық қадамдар, тәжірибе мен ғылымның заманауи жетістігі кеңі­нен пайдаланылады. Біз де толық пісіп-жетілген мұндай тетіктерді зерделеп, одан кейін оны пайдаланудан қорық­пауымыз керек және оған кедергі көп деп айта алмаймын. Ал мемлекет та­рапынан кәсіпкерлік саласын дамыту­да жасалынып жатқан кешенді шара­лар­ды осы бағытта үйлестіру керек. 

– Мысалы, шет мемлекеттердегі қандай нақты тәжірибені атап өтер едіңіз?

– Мәселен, Австрияны алайық. Он­дағы Федералдық палата жанынан құрылған «Австрияның жас экономи­касы» атты арнайы ұйым жұмыс істейді. Соның шеңберінде кәсіпкерлікті жа­ңадан бастаған жастарға кеңес беретін орталық ашылған. Орталықта жастар­ға жеке бизнес ашуға қажетті құқықтар мен нақты ұсынымдар береді. 

Ал Германияда жастар бағдарлама­сын жүзеге асыру тиімді реттелген. Бұл ел жастарға нақты көмек беруге үлкен мүмкіндік туғызу арқылы көш бас­тап тұр. Мұнда жас кәсіпкерлердің бірне­ше ірі бірлестіктері бар. Осы жерде мынаны айтқым келеді. Біздің елде еңбек өтілі жоқ жастарға ірі мекемелердің есігі жабық. Кез келген адамды жұмысқа қабылдамас бұрын, алдымен жұмыс тәжірибесінің бар-жоқ­тығына назар аударылады. Біз біле­­тін Францияда осыдан он төрт жыл бұ­рын «Жаңа қызметтер, жаңа жұмыс орын­да­ры» атты бағдарлама енгізілген. Мақ­саты – еңбек өтілі жоқ жастарға кем дегенде 5 жыл бойы тұрақты жұмыс орында­рын ұсыну. Сондай-ақ кейбір салалар­да жетіспей жатқан жұмыс күшін толықты­ру болып табылады. Өз кезегінде жастар­ға жаңа жұмыс орындарын ұсынғаны үшін жеке компаниялар жұмыс берушілер­ге мемлекет тарапынан шығындарын өтеу­ге жеңілдік қарастырылады. 

Бұл мәселені, кәсіпкерлік саласын­да жас кәсіпкерлерге ірі мекемелердің се­ні­мі тұрғысында қарастыруға да болады. 

Осылайша, аталмыш елдерде жас­тар кәсіпкерлігін қолдаудың жүйелі те­тігі қалыптасқан. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың қатып қал­ған біртұтас модельдік саясаты жоқ. Бағ­дарламалардың қай-қайсысын алсақ та, бір-біріне ұқсамайды. Қандайда бағдарламалардың нәтижелілігі сол елдегі қолайлы іскерлік климатына, оны құру үшін елде кәсіпкерлік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық база мен қаржылық және қаржылық емес түрінде бизнесті кешенді қолдаулардың мүмкіндігіне байланысты. 

– Стратегиялық жоба, тың бастама­ларсыз дамудың жаңа деңгейіне көтеріле ал­майтынымыз белгілі. Осы ретте жастар кәсіпкерлігін дамыту стратегиясына қай­та ойыссақ. Стратегия жастар кәсіпкерлі­гін дамытуға қаншалықты жол ашады? 

– Бастысы, жастарға арналған қо­лайлы бизнес ортаны қалыптастыруға және бұл салаға ерекше назар аударуға мүмкіндік береді әрі жас кәсіпкерге өз ісін бастауға, оны әрі қарай дамытуға септігін тигізетін кешенді жұмыс­тар легін құруды көз­дейді. Мемлекеттік билік, бизнес құры­лымдары мен үкі­меттік емес ұйымдардың барлық мүмкіндіктерін жастар кәсіпкерлі­гін дамытуға тиімді пайдалануды қарас­тыра отырып, оңтай­лы жүйе құруға мүмкін­дік берер еді. Басты мәселе, осы құжат­тағы мәселе­лер пысықталған іс-шара­­лар жоспары арқылы толық түрде жү­зеге асырғанда ғана мүмкін болмақ. 

Жас кәсіпкерлер қызметін дамытуға, ең бастысы, жас кәсіпкерлердің мәрте­бесін заң жүзінде бекіту, жеңілдетілген қолжетімді несие, несиелеудің мемле­кеттік кепілдігінің жүйесі, салық салу­дағы жеңілдіктер, ірі кәсіпорындар тарапынан жастар кәсіпкерлігін қол­дау, жалпы, осылар арқылы қызметін дамытуда ынталандыру сипатқа ие барлық қолдаулардың кешенді шаралар жиынтығы анық көрсетілуі керек. Елбасымыз шағын және орта биз­несті дамыту керектігін жиі айтып келеді және үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұл стратегия Қауымдастықтың жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша әзірлеген тұжырымы және бастамасы. Сондықтан бұл салада ел Үкіметі, кә­сіпкерлік саласындағы уәкілетті ор­ган­дар мен жергілікті атқарушы органдар­дың әрекетінсіз нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес және осы құжатты назарға алса орынды деп санаймын. Ал өз кезеңінде жастардың басын біріктіретін кәсіпкерлік қауымдастықтары мен ірі кәсіпкерлер өз тарапынан мүмкіндігіне қарай барынша атсалысып қолдау керек. 

– Әңгімеңізге рақмет!

http://old.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=18252