Smaller Default Larger

Жастар саясаты

 

Қазақстан жастар кәсіпкерлігі қауымдастығы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі жастар саясаты туралы заң жобасы бойынша жұмысшы тобының құрамында

Қазіргі таңда Қазақстан Републикасының Парламенті Мәжілісіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы енгізілген болатын.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша жұмысшы тобы жасақталып, оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, басқа да мемлекеттік орган өкілдері және Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдері енді.

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы аталмыш заң жобасын жан-жақты талқылап өзінің салалық бағыты бойынша жас кәсіпкер ұғымын заңнамалық бекіту, жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, жастар кәсіпкерлігі субъектілерінің қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқа да жаңа нормалар бойынша өз ұсыныстарын жұмысшы топтың қарауына ұсынды.

Алдағы уақытта жұмысшы топ отырыстарында Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы тек қана жастар кәсіпкерлері ғана емес, жастар арасында қордаланған басқа да өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын Парламент қабырғасында білдіріп отыратын болады. Осы заң жобасы бойынша ұтымды ұсыныстар мен көкейкесті мәселелерді шешуді заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша пікірлеріңіз болса Қауымдастыққа хабарласып, атсалыссаңыздар болатынын жеткізгіміз келеді.