Венгриялық кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнады

 

Венгрия Республикасымен Кәсіпкерлік саласындағы іскерлік байланыстарды тереңдету мақсатында, 2014 жылдың 22-28 наурызы аралығында Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының тең төрағасы Еркін Жақыпов (делегация басшысы), «HEMEN KazTrade Group» ЖШС директоры Ербол Шаланов және «BASTAU INVESTMENT KZ» компаниясының Бас директоры Мақсатхан Сержановтан тұратын топ барып қайтты.

Кездесулер барысында Қазақстанның іскер топ өкілдеріне Венгрияның түрлі салаларда жұмыс істейтін 10-нан астам зауыттары мен фабрикалары көрсетіліп, шетелдік серіктестер өздері өндіріп отырған тауарларымен таныстырды. Екіжақты кездесулер барысында Қазақстандық нарыққа Венгриялық тауарлар мен қызметтерді енгізу бойынша бірқатар келіссөздер жүргізілді.

FaLang translation system by Faboba