Smaller Default Larger

Друкер күнделігі

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаев  2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында жастар үшін қызықты 100 заманауи кітаптың тізімін әзірлеп, оларды қазақ тіліне аудару қажеттігін атап өткен болатын.

Осыған орай, Елімізде алғаш рет Қазақстанның жас  кәсіпкерлері қауымдастығы жастарды табыстылық жолына бастайтын, ақыл-кеңеспен сусындадатын әлемдік деңгейдегі  кітаптарды қазақ тіліне аудару арқылы жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Шабыт» жобасын бастаған болатын. Аталмыш кітаптар Қазақстанның жас  кәсіпкерлері қауымдастығының Президиум төрағасы Кеңес Рақышевтың тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр.

Оның алғашқы бастамасы ретінде, менеджменттің көрнекті теоретигі Питер Друкердің ойға қонымды және тәжірибеге негізделген ақыл-кеңестерін қамтыған «Друкер күнделігі» кітабының қызық тіліндегі нұсқасы жарыққа шықты.

Друкер күнделігі, басты нәтижені алуға қажетті шығармашылық пен шабыттың 366 күні атты кітабында әрбір күнге қажетті ақыл кеңестер мен түйінді мәселенің шешімін табуға жол бастаушы пікірлері қамтылған. Автор өзіне ғана тән нақтылық, көрегенділік және адамгершілік қасиеттеріне сай, Друкер уақытты басқару, жаңашылдықтан бастап, пайда табу сияқты басты тақырыптар төңірегінде сөз қозғайды.