Smaller Default Larger

Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы Венгрия кәсіпкерлерімен бірлескен жұмыстарын бастады

 Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы 2013 жылдың 20-21 қарашасында Астана қаласында Қазақстан-Венгрия бизнес форумын өткізген болатын. Форум қорытындысы бойынша   Венгриялық кәсіпкерлер Қазақстан нарығында жұмыс жасауға ниет білдіріп, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы басшылары мен мүшелерін іскерлік байланыстар орнатуға Будапешт қаласына шақырған еді.

Кәсіпкерлік саласындағы іскерлік байланыстарды тереңдету мақсатында, 2014 жылдың 22-28 наурызы аралығында Венгрия Республикасына Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының тең төрағасы Еркін Жақыпов (делегация басшысы), «HEMEN KazTrade Group» ЖШС директоры Ербол Шаланов және «BASTAU INVESTMENT KZ» компаниясының Бас директоры Мақсатхан Сержановтан тұратын топ барып қайтты.

Кездесулер барысында Қазақстанның іскер топ өкілдеріне Венгрияның түрлі салаларда жұмыс істейтін 10-нан астам зауыттары мен фабрикалары көрсетіліп, шетелдік серіктестер өздері өндіріп отырған тауарларымен таныстырды. Екіжақты кездесулер барысында Қазақстандық нарыққа Венгриялық тауарлар мен қызметтерді енгізу бойынша бірқатар келіссөздер жүргізілді.