Smaller Default Larger

Халықаралық өнер фестивалі өтті

   Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ғимаратында 9-10 қазан күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдасытығының ұйымдастыруымен шет елдерде тұратын отандастарымыздың халықаралық өнер фестивалі өтті.

Read more...

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумы 2014 жылдың 22-23 қыркүйегінде Шымкент қаласында өткізілді.

Read more...

Халықаралық өнер фестивалі

Шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің (бұдан әрі - Фестиваль) аясында өтетін

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

атты мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ

Read more...

Байырғы түрік бітіг жазуы – ұлт идеясының Мәңгілік өзегі

 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 мамырында Түркістан қаласында «Байырғы түрік бітіг жазуы – ұлт идеясының Мәңгілік өзегі» дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті.

Read more...

ЖАСТАРДЫҢ КҮШІ – БІЛІМІ МЕН БІРЛІГІНДЕ

Кеше Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!» атты жастар форумы өтті.

Еліміздің болашағы – бүгінгі жастар. Олар білімді, парасатты, отансүйгіш сезімін жүрегіне ұялатқан азаматтар болса, Қазақстанның келешегі де сенімді қолда. Елбасы өскелең ұрпақ алдында тәуелсіздіктің қадіріне жету, туған елі мен жерін сүю, тарихтан тағылым алу мәселелері төңірегінде келелі әңгіме өрбітті.

Бұл форумның мақсаты – жаңа жаһандық жағдайда еліміздің дамуындағы жастардың рөлін айқындау екендігін атап өткен Мемлекет басшысы Қазақ елінде жасалып отырған жақсылықтар мен жетістіктердің бәрі жастардың игілігіне арналғанын еске салды. «Біз ата-бабамыздан мирас болып қалған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу шыққан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Күллі дүние жүзі қазақ деген елдің бар екенін білді. Мұндай тәуелсіз елде өмір сүру – үлкен бақыт. Оның қаді­ріне жету – өз қолдарыңызда. Ендігі сендердің алдарыңда тұрған негізгі міндет – тұрақтылықтың тұғыры – татулық пен бірлікті тұ­мар­дай сақтау. Ол үшін әрқайсымыз, әсіресе, сіздер, жастар, өздеріңізге жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулеріңіз керек. Жастар тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсуі қажет» деді Президент.

Read more...