Smaller Default Larger

Қазақстан мен Венгрия кәсіпкерлерінің бизнес форумы

2013 жылғы 20-21 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының және Венгрия ұлттық сауда үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Венгрия кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті. Шараны өткізуге Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшілігі және «Барс» қазақ-венгер қоры қолдау көрсетті. 

Бизнеса-форумның негізгі мақсаты – көптарапты сауда-экономикалық байланыстарды арттыру, венгерлік бизнесмендерге Қазақстан жөнінде ақпарат беру, қазақстандық компаниялармен серіктестік байланыстар орнату, жобаларды таныстыру және өзара ынтымақтастық болашағы туралы пікір алмасу болып табылады.   

Форум жұмысына Венгриядан ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттық технологиялар, медицина, әскери техника, электр құрылғылары, көлік жасау т.б. салаларында қызмет көрсетіп отырған 35-тен астам компаниялардың өкілдері қатысты.  

Сонымен қатар, бизнес-форумға Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басшылары, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тараптар қатысты. 

Бизнес-форум қорытындысы бойынша келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.