Smaller Default Larger

Халықаралық өнер фестивалі өтті

   Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ғимаратында 9-10 қазан күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдасытығының ұйымдастыруымен шет елдерде тұратын отандастарымыздың халықаралық өнер фестивалі өтті.

   Шетелде тұратын отандастарымызбен мәдениет және руханият, сондай-ақ білім салаларындағы байланысты дамыту мен олардың ұлттық әлеуетін арттыруды мақсат етіп қойған шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, шығармашылық интеллигенция өкілдері, өнер әуесқойлары мен 20-дан аса алыс және жақын шет елдерден келген 80-ге жуық қазақ диаспораларының өкілдері қатысты.

   Шара аясында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы және суретшілер көрмесі және өзге елдерден келген қандастарымызға Елорданың ең көрікті жерлерін көрсетуге бағытталған саяхат ұйымдастырылды.

   Фестивальдің салтанатты ашылуында Халықаралық фестивальға қатысушыларға арнап ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жолдасбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О. Асанғазықызы, Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы Каюм Кеседжи және т.б. өз құттықтауларын жеткізді.

   Байқау қорытындылары бойынша: Халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ақындар мүшайрасында қазылар алқасының жүлделі орын иелерін анықтау шешімі:

   Бас жүлде иегері: Исахан Еркін, Қытай Халық Республикасы

   Бірінші орын иегері: Айжан Табаракқызы, Монғолия

   Екінші орын иегері: Адал Сағдат, Қытай Халық Республикасы

   Үшінші орын иегері: Марғұлан Ақан, Қытай Халық Республикасы

   Ынталандыру сыйлығы иегері: Ретбек Мағазұлы, Қытай Халық Республикасы.

  Халықаралық өнер фестивалі аясында өткен Жыршы-термешілер сайысы бойынша қазылар алқасының жүлделі орын иелерін анықтау шешімі:

   Бас жүлде иегері: Шерікбай Өзгеріс, Монғолия

  Бірінші орын иегерлері:   1. Қуатбаев Мағауия, Өзбекстан

                                      2. Нұрболат Әбілхан, Моңғолия

  Екінші орын иегері:           1. Рахатқызы Жанаргүл, Моңғолия

                                      2. Әбдуәлі Айдынгүл, Қытай Халық Республикасы

  Үшінші орын иегері:           1. Нұртуған Тұрсынғазы, Қытай Халық Республикасы;

                                      2. Ануар Зейнеп, Қытай Халық Республикасы.

Ынталандыру сыйлығы иегері: 1. Мұхтар Айдана, Қытай Халық Республикасы;

                                               2. Әнәпия Тілеубай, Қытай Халық Республикасы.

   Халықаралық өнер фестивалі аясында өткен сурет көрмесі бойынша қазылар алқасының жүлделі орын иелерін анықтау шешімі:

   Бас жүлде иегері: Қабдеш Шалхар, Қытай Халық Республикасы

   Бірінші орын иегері: Болат Мекебаев, Германия

   Екінші орын иегері: Құлманов Ерік, Өзбекстан

   Үшінші орын иегері: Бауырқан Жалын, Қытай Халық Республикасы

   Ынталандыру сыйлығы иегері: Жанат Сейдхамид, Қытай Халық Республикасы

   Жеңімпаздар диплом, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, фестиваль мерекелік гала-концертпен аяқталды.