Smaller Default Larger

Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері іс-шарасы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихын көпшілікке жеткізу және түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіру мақсатында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» шарасының жалғасы Түркістан қаласында өтуде. 

Аталмыш шараға еліміздің түкпір-түкпіріндегі түркі жазбасын зерттеуші түрколог ғалымдарды қатыстыру арқылы ғалымдардың тәжірибе алмасуы, зерттеу бағыттарындағы күрделі мәселелерді бірігіп шешудің жолдарын қарастыруды, жас ғалымдарды түркі жазбаларын зерттеуге деген құлшыныстарын арттыру шаралары қамтылатын болады.

 Шара аясында «Байырғы түрік бітіг жазуы – ұлт идеясының Мәңгілік өзегі» дөңгелек үстел мәжілісі, Түркология ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылып, соңы түркі мәдениетіне арналған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Шараға еліміздің барлық аймағынан 20-дан астам түрколог ғалымдар, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің басшылығы, өңірлердегі тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жас зерттеуші жастар қатысты.

Өтетін мерзімі мен уақыты:28 мамыр 2014 жыл, сағат 10.00

Өтетін орны:  ОҚО, Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Байланыс телефондары: 68-00-81

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.