Smaller Default Larger

Қауымдастық жөнінде

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы 2011 жылы жас кәсіпкерлер мен кәсіпкер болуға ниеті бар жастардың қызметін үйлестіру, олардың қызметіне қолайлы жағдай жасау, жастардың проблемаларын бірлесіп шешу, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту және ашықтылықты насихаттау масқатында құрылған.

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы «АТАМЕКЕН» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының мүшесі болып табылады.

Қауымдастық жас кәсіпкерлерге жергілікті де, сондай-ақ шетелдік бизнес-серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға жәрдемдеседі.

Кез келген кәсіпкерлер (18-35 жас аралығы), оның ішінде одақтар, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар және басқа да коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкер болуға ниетті жастар мүше бола алады.